ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Х қысқы Қазақстан оқушылар Гимназиадасы аясында конькимен жүгіру спорты 22-25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы, «Алау» мұз айдынында өтіп, бүгін сайыс жеңімпаздары анықталды. Командалық есепте ұлдар арасында: 1-орын жеңімпаздары - Алматы қаласы; 2-орын Қостанай облысы; 3-орын Солтүстік Қазақстан облысы; Командалық есепте қыздар арасында: 1-орын жеңімпаздары - Солтүстік Қазақстан облысы; 2-орын Қостанай облысы; 3-орын Алматы қаласы. Жарыс жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, XVIII қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Людмила Прокашева, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері Бақтияр Артаев және Конькимен жүгіру ұлттық федерациясының бас хатшысы Анжелина Макишева марапаттады. Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы
Толығырақ