ФЕДЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ

«Мектеп спорт федерациясы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі (бұдан әрі - мектеп спорт федерациясы) 2011 жылдың 28 маусымында құрылды.

Дирекцияның орналасқан жері - Алматы қаласы.

Мектеп спорт федерациясы коммерциялық емес өзін өзі қаржыландыратын мүшелік негізінде құрылған бірлестік болып табылады. Оның жұмысы орта білім беру ұйымдарында спорттағы бұқаралықты қамтамасыз етуге, жоғары жетістікті спорт үшін іргетас қалыптастыруға, жас спортшылардың мүдделерін мемлекет ішінде және шетелдерде қорғауға бағытталады.

Оның стратегиялық әріптестерінің арасында - Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бар.

2018 жылдан бастап Мектеп спорт федерациясы - Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) толыққанды мүшесі болып табылады. ISF қолдауымен Дүниежүзілік гимназиадалар, жекпе-жек өнері ойындары, инклюзивті және ақпараттық ойындар, 40-тан астам спорт түрлері бойынша әлем және континенталды мектеп чемпионаттары өткізіледі.

ISF - Халықаралық Олимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымы.

ISF 1972 жылы құрылған, штаб-квартирасы Брюссельде (Бельгия).

1995 жылдан бастап ISF халықаралық спорт федерациялары Бүкіләлемдік қауымдастығының (GAISF) қауымдасқан мүшелерінің қатарына кіреді.

Бүгінгі уақытта ISF мүшелігіне 128 мемлекет кірген.

2020 жылдан бастап Қазақстан алғашқы рет ISF Атқарушылық комитетінің құрамына енгізілді.

ISF жарыстарына автономды спорт ұйымдарының (балалар-жасөспірімдер спорт мектептері және т.б.) командалары қатыса алмайды. Бұл жалпы білім беру жүйесінде спорттық қозғалыстың толық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қадам.

Көптеген жетекші спорт елдерінде сәтті деп танылған мұндай тәсілдер оқушылардың дене шынықтыруға және спортқа деген ынтасын арттырып, нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Бұл модель біздің елімізде дәйекті түрде енгізіліп келеді және жастардың жалпы жағдайын жақсарта отырып, сонымен бірге сапалы спорт резервін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан халықаралық ISF жарыстарына белсенді қатысып келеді, осылайша оқушылардың мектеп спортына деген қызығушылығы артып, жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен, оның ішінде қызығушылықтары бойынша айналысады.

Біздің оқушыларымыз Эстониядағы 3х3 баскетболдан Әлем чемпионатында (2016 жыл), Гонконгтағы кросс-кантриден Азия чемпионатында (2017 жыл), Ресейдегі самбодан Әлем чемпионатында (2018 жыл), Венгриядағы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында, Украинадағы Күшті ойындарында (2019 жыл), таеквондодан және шахматтан Әлем чемпионаттарында, Бүкіләлемдік киберойындарында жарысты (2020 жыл).

Волейболдан Бразилияда және футзалдан Францияда өтетін Әлем Чемпионаттарына, Монғолияда кросс-кантриден Азия Чемпионатына қатысуға құрама командалардың дайындығы жүргізілуде.

Бүкіләлемдік жазғы гимназиадаға қатысуға командаларды әзірлеу күтілуде.

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің шешімімен Мектеп спорты федерациясының дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі 2018 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік сыйлықпен марапатталды.

Байқау нәтижесі бойынша Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы редакциясының бірлескен шешімімен Мектеп спорт федерациясы «2019 жылдың ең үздік спорттық-бұқаралық шаралардың ұйымдастырушысы» номинациясының иегері атанды.


Мектеп спорт федерациясы