Жас тілшілер арасында байқау
24-11-2021

Байқау 2021 жылдың 10 желтоқсаннан 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін өткізіледі.
Байқаудың Ұйымдастыру комитетіне кіреді:
«Мектеп спорт федерациясы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігін;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжиблік орталығы» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Жоба үйлестірушісі – Мектеп спорт федерациясы.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
мектеп спортын ақпараттық-имидждік жарықтандыру;
оқушылардың спорттық жетістіктерін насихаттау;
педагогикалық шеберлікті насихаттау.
Байқаудың міндеттері:
салауатты өмір салты құндылықтарын ілгерілету;
жас ұрпақты спортқа тарту;
жастардың шығармашылық дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мүмкіндіктерді кеңейту;
медиа-кеңістікте мектеп жарыстарын, оның ішінде мектеп лигаларын және педагогтердің дене шынықтыру-спорттық қызметін кеңінен жария ету;
жас тілшілер пулын қалыптастыру.
Байқау үш жас тобында өткізіледі:
1 топ - 12-13 жас;
2 топ - 14-15 жас;
3 топ - 16-18 жас.
Байқау шеңберінде келесі марапаттар тағайындалады:
байқауға қатысушыларға Мектеп спорты федерациясының сертификаттары;
әр жас тобында бірінші, екінші, үшінші орын үшін Мектеп спорт федерациясының дипломдары және қатысушыларға Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының естелік медальдары;
Мектеп спорт федерациясының ақшалай сыйлықтары:
бірінші орын – 50 000 (елу мың) теңге;
екінші орын – 30 000 (отыз мың) теңге;
үшінші орын – 20 000 (жиырма мың) теңге.
Анықтама телефоны (727) 327 20 49.


Мектеп спорт федерациясы
Image