ASSF Атқарушы комитетінің отырысы
08-12-2021

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында бейнеконференция режимінде Азия мектеп спорт федерациясы (ASSF) Атқарушы комитетінің кезекті отырысы өтеді.

Оның жұмысына ASSF мүшелері, сондай-ақ бақылаушы ретінде Оман және Түрікменстан мектеп спорт федерацияларының өкілдері қатысады.

Атқарушы комитет ASSF Президенті мен вице-президенттерінің, техникалық комитет төрағасы мен қазынашының есептерін тыңдауды, алдағы екі жылға арналған спорттық іс-шаралар күнтізбесінің жобасын және спорт түрлері бойынша континенталдық біріншіліктерді қабылдайтын елдердің презетацияларын қарауды жоспарлап отыр.

Отырысқа алғаш рет Қазақстанның мектеп спорт Федерациясымен ұзақ мерзімді серіктестік шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы шақырылды.

Орталықтың баспасөз қызметі атап өткендей, Қазақстанның Мектеп спорт федерациясымен өзара іс-қимылды жолға қою бұқаралық спортты дамытуға және еліміздегі мектеп лигаларын танымал етуге ықпал етеді.


Мектеп спорт федерациясы
Image