Мақалалар мен сұхбаттар

Image
08-08-2019
САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ - САЛАУАТТЫ ҰЛТТЫҢ ІРГЕТАСЫ

Тегін медицина, білікті дәрігерлер, сапалы және қымбат емес медикаменттер, жайлы жабдықталған ауруханалар, емханаларда кезек күтудің жоқтығы.
Әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі өлшемдік көрсеткіштері осылай байқалса керек. Бұл ретте, аталған міндеттер әрбір мемлекеттік басқарушы үшін ұлттың денсаулығын жетілдірумен байланысты мәселелерді тиімді шешуде басым бағыт болып табылады.
Мұның барлығы қоғам үшін өте маңызды екенін жоққа шығару орынсыз. Осы орайда, себеп-салдарларды жоюдан гөрі алдын алу шараларының анағұрлым нәтижелі екендігін естен шығарып ала береміз. Басқаша айтқанда, басым бөлігі балалық шақтан туындайтын созылмалы аурулардың асқынып кетуіне тосқауыл қоятын алдын алу қадамдарының маңызы зор.
Ата-аналары балалардың салауатты өмір салтын ұстануына оң ықпал етуі керек, оларға айқын әрі тәжірибелік үлгі болулары тиіс, себебі дене шынықтыру және спортпен бірге шұғылдану олардың жаттығу үрдісіне ыңғайлануына көмектеседі және де жаттығуларды қызықты етіп өткізеді. Кейде өзіңді және балаларды таза ауада серуендеуге немесе қала бақтарында не мектеп стадиондарында жүгіруге баулыса соның өзі де жеткілікті болар еді.
Ұйықтап тынығу және ұйқыдан тұру режиміне жеке тоқталуды жөн санаймыз. Бұл өте маңызды нәрсе, өйткені тек ұйқысы қанған бала Сіздің серуендеу не жүгіру туралы ойыңызды қолдайды. Тиесілі уақытта дұрыс дем алмаған организм Сіздің кез келген бастамаларыңызға қарсылық білдірері анық. Ал белсенді дене шынықтыруға таңертеңгі сағаттарда уақыт бөлген жақсы.
Сонымен қатар, дұрыс тамақтану сұрақтарына да ерекше көңіл бөлу қажет. Жөн-жосықсыз тамақтану барысында Сіздің баланы салауатты өмір салтына үйрететін барша іждағаттарыңыз құр уақытты босқа өткізу болып табылады. Тамақтанудың қазіргі уақыттағы инфрақұрылымы балаларды кез келген жерде сатыла беретін дәмді, тәтті, бірақ зиянды өнімдерді пайдалануға итермелейді.
Балаларға зиянды азық-түліктермен тамақтануға тыйым салу жолымен олармен ұрыспас үшін, ең алдымен, осы сұрақты егжей-тегжейлі зерделеу ұсынылады. Жақында жүргізген талдау көрсеткендей, фаст-фудтардың барлығы да табиғы таза азық-түліктерден үй жағдайында да дайындала береді, оған тек тексерілген және сапалы қоспаларды пайдаланса жеткілікті. Ал егер тамақты әзірлеуге балаларды қатыстырсаңыз, дұрыс тамақтану мен дәмді тағам дайындауға әуестендіру сияқты екі мәселені біріктіруге болады.
Қорыта келе, Сізден сұрағым келіп тұр – қайсысы тартымды және жанға жай, спортпен шұғылдану ма әлде ауруларды емдеу ме?

Мақала (материал) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде дайындалды


Зейнулла Ақан,
Мектеп спорты
Федерациясының менеджері

Толығырақ

Image
24-07-2019
МЕКТЕП СПОРТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде қыркүйек-қазан айларында «Birinshi Jastar Oiyndary» Бірінші жастар ойындары өткізіледі.
Қазақстанның Мектеп спорты Федерациясының төрағасы Нұржан Нұрахметов өз сұхбатында осы жоба туралы және басқа да жұмыстар жөнінде ой бөлісті.

Нұржан Мәлкенярұлы, кездесуге және Сіздің жобаларыңыздың бірқатар сұрақтарын талқылауға келіскеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Бірінші кезекте Сіздердің ұйымдарыңыз қашан құрылды, оның мақсаттары мен міндеттері қандай деген сұрақтар оқырмандар арасында қызығушылық тудыруда, соған жауап берсеңіз?

Мектеп спорты Федерациясы – бұл спорт жолына түскеніне үш-ақ жыл болған үкіметтік емес ұйым. Оның басты мақсаты, миссиясы – салауатты, дені сау ұлт қалыптастыру, салауатты өмір салты идеяларын жа-жақты енгізу және бұқаралық спортты насихаттау. Осындай нағыз түбегейлі қағидаттарды біз қоғам игілігі үшін барлық мүмкіндіктер мен қолда бар құралдарды барынша пайдалана отырып өмірге ендіріп келеміз.

Мектеп спорты Федерациясы халықаралық ұйымдарға қатысады ма?

Соңғы үш жыл бойы біз Халықаралық мектеп спорты федерациясы (ISF) қызметіне белсене қатысудамыз. ISF – 1972 жылы Бельгияда құрылған бүкіл әлемге жаhандық спорттық ұйым ретінде танымал.
ISF мектеп спортын дамытушы және насихаттаушы 118 мемлекеттік біріктіреді.
ISF саясаты оның спорттағы бұқаралықты қамтамасыз етудің бірден бір жақтаушысы, қолдаушысы екендігінің арқасында жер шарының барлық аймағында дерлік үлкен қолдауға ие.

ISF қандай спорттық шаралар өткізеді екен, ол да бізді қызықтырмай қоймайды?

Иә, ондай спорттық шаралардың қатарында - Бүкіләлемдік гимназиадалар, Танымдық ойындары, Инклюзивтік//Шығармашылық ойындар және Жауынгерлік сайыс ойындары, спорттың 45-тен астам түрлерінен әлемдік және континенталдық біріншіліктердің өткізілетіндігін атап өтуге болады.
Ағымдағы жылы маусым айының ортасында Қазақстан Будапеште ұйымдастырылған Бүкіләлемдік жауынгерлік саайы ойындарына алғашқы рет қатысты. Оның бағдарламасында еркін және греко-римдік күрестері, дзюдо, каратэ және таеквондо секілді жекпе-жек түрлерінен жарыстар өткізу көзделген.
Тартысты жарыстардың қорытындысы бойынша біздің команданың қанжығасына 5 алтын, 10 күміс және 3 қола медальдары тағылды. Командалық есепте еркін күрестен біздің балалар Ресей және Америка Құрама Штаттарының командаларының иықтарын жерге тигізіп бірінші орынды жеңіп алды.
Спортшыларымыздың нәтижелері таң қалдырарлық, олардан айрықша әсер алдық.
Командаларымыздың мүмкіндіктері өте күшті, ол, әрине, қуантпай қоймайды.
Алда Бүкіләлемдік гимназиада, оның нысаны Олимпиадалық ойындарға теңестірілген.
Сондықтан да бұл бағытта үлкен ауқымды жұмыстар күтіп тұр.

Құттықтаймыз, тамаша жаңалық!
Біздің жас дарындарымыз Бүкіләлемдік гимназиада алаңдарында да өздерін жақсы жағынан көрсете алатындығына сенімдімін.
Сіздің командаңыз осы жобаларды жүзеге асыруға қалайша бел байлады, сол жайында айтып беріңізші?

Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудың тиімділігі тәжірибесін сараптай келе, олардың басым көпшілігі тұрақтылық сипатына ие емес және нақты бір әлеуметтік проблема шешуге ықпал ете алмайды, соны шын мәнісінде мойындауымыз керек.
Қазіргі жағдайларда күрделі өмірлік талқыға тап болған балалардың әлеуметтік жағдайы ерекше алаңдатушылық тудырады.
Талдау көрсеткендей, ондай балалардың барлығы дерлік өз-өзін қалыпты алып жүруге, жетілдіруге, оның ішінде, спортта да өз ойын іске асыруға мүмкіндік таппайды.
Көп жағдайда ол жанұядағы кикілжің-алауыздық, ата-анасының жұмыссыздығы, олардың ішімдікке және нашақорлыққа салынуы, балалардың құқықтарына тосқауыл қоятын тұрмыс дейгейінің өте төмендігі және тұрмыстық күш-қорлық сияқты ауыр мән-жайлармен байланысты.
Осындай аталған барлық факторлар тоөңірегінде балалар көптеген әлеуметтік игіліктерден құ алақан қалуда. Нәтижесінде қайыршылық пайда болады, балалардың иммунитеті әлсірейді, олардың денсаулығы мен психикасында елеулі ауытқушылықтар таралады, қылмысқа итермелеушіліктің алғышарттары өседі.

Статистика бар ма?

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ішкі істер органдарына панасыз және тиісті қадағалаусыз қалған 38 мыңнан астам балалар жеткізілген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша құқық бұзған 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандар арнайы есепте тұрған.
Келтірілген мәліметтер, ең алдымен, отбасында балаларды тәрбиелеудің және оларды игілікті істермен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау сұрақтарындағы кемшіліктерді, оның ішінде, жалпы білім беру жүйесі субъектілерінің сыныптан тыс қызметі щеңберіндегі елеулі олқылықтарды айқын дәлелдейді.

Көп балалы отбасыларда да проблемалар жетерлік емес пе.

Иә, сіз өте дұрыс мән беріп отырсыз.
Төрт және одан көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайы нашар күйінде сақталуда.
2017 жылы олардың жалпы саны 324 мың адамға дейін өсті. Жеткілікті деңгейдегі табыспен олардың барлығы қамтылмағаны жасырын емес, ал заңмен кепілдік берілетін арнайы әлеуметтік қызмет көрсету көлемі мұқтаж аналардың әлеуметтік мәселелерін толық көлемде шеше алмайды.
Мұндай ахуал, өкінішке орай, әлі күнге дейін өзгеріссіз.
Осылайша пайда болған жағдай түбегейлі шешімдер қабылдауды талап етеді.
Әлеуметтік осал қабат тұрғындардың балалары қатыса алмайтын жер-жерде коммерциализацияланған//тек қаражаттың күшімен өткізілетін спорттың кең тарауын назарға ала келе, біздің жоба мектептік спорт клубтарын қайта жандандыруға, жалпы білім беру жүйесі субъектілерінде дене-шынықтыру спорттық жұмыстарды жетілдіруге, бір сатылы жарыстарды ұйымдастырып өткізуге, соның қатарында, балаларды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға баулу және педагогикалық шеберлік деңгейін арттыруға бағытталады.

Аталған проблемаларды Сіз бір жобамен шешесіз бе?

Шешу емес, назар аудару, тиісті көңіл бөліп, күш-құралдарды қажетті салаға бағыттау.
Кез келген осындай жобаның түпкілікті нәтижелері тек тиісті шараларды ұйымдастырып өткізумен ғана шектелмесе керек, сондай-ақ уәкілетті органға оның жұмысында нақты саланың тиімді дамуына кедергі келтіретін алғышарттардың алдын алуға, оларды жоюға негізделген ұсыныстар даярлау, және өзге де шаралар қабылдауына ықпал ету.
Біздің қоғамымыздың қайта дамып өрлеуі жолында әлеуметтік жобалардың атқаратын ролі өте маңызды екендігін баса айтуымыз қажет.

Жобамен азаматтардың қандай санаттары қамтылады және сайыс бағдарламасына спорттың қандай түрлерін қосуға шешім қабылданды?

Жоба 14 пен 17 жас арасындағы жастарды қамтиды.
Ол жоғары жетістіктер спортын ұстанбаған, бірақ өз ұмтылысын спорттық жеңістерден көретін жасөспірімдерге бағытталады. Осылайша, оларға жеңілдетілген ережелер бойынша тең бәсекелестік сайыста ең күшті атануға мүмкіндік беріледі.
Ойын бағдарламасы волейбол, жеңіл атлетика, футбол, тоғызқұмалақ және спорттың әскери-қосалқы түрлерінен жарыстарды көздейді.

Ойындар қайда өтеді және балаларды не күтіп тұр?

Іріктеу кезеңі қыркүйектің басында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді, ал финалдық бөлімі қазан айында Щучинск-Бурабай курорт аймағында өткізіледі.
Іріктеу ойындары мен финал жеңімпаздары және жүлдегерлері лайықты жүлделермен, дипломдар, медальдар және сертификаттармен марапатталады.

Мазмұнды сұхбатыңыз үшін Сізге деген алғысымыз мол, осы жобада жетістіктер тілейміз.


Кристина Абдуллаева

Толығырақ

Image
18-07-2019
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ - ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН

Ежелгі ұлттық ойындарымыздың бірі - «Тоғызқұмалақ».
Тоғызқұмалақ – бұл тақтайшада қисынды ойлау және ептілікке арналған интеллектуалдық ойын.
Сонымен бірге ойын математикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді.
Ойынның негізіне 9 саны (9х9=81 және 2х9х9=162) қаланған.
Ойын тек есептеу жылдамдығынан ғана емес, сондай-ақ айла-тәсілдерден де құралады.
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.
Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады.
Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған өзінің белгілі бір түсі бар сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестер қолданылады.
9 отаудың әрқайсысының өз атаулары бар: 1 - арт, 2 - тектұрмас, 3 - атөтпес, 4 - атсыратар, 5 - бел, 6 - белбасар, 7 - қандықақпан, 8 - көкмойын, 9 - маңдай.
Ойынның негізгі міндеті – отаулардағы құмалақтарды «жүре» қозғай отырып, оларды өз «қазаныңда» анағұрлым көбірек жинау.
Жиналған құмалақтар жинақ отауына салынады. Ойыншылар кезек-кезек жүреді.
Жеребимен бірінші жүріс алған ойыншы өз қатарындағы кез келген отаудан бір ғана тас қалдырып, қалған барлық құмалақтарды алып, оларды солдан оңға қарай бір-бірден келесі отауларға салады. Бұл жерде ойынның мәні соңғы құмалақ қарсыластың отауына салынуы керек.
Егер осы отаудағы құмалақтар саны жүріс аяқталған соң жұп болса, онда олардың барлығы ойнаушының «олжасы» болып оның қазанына ауыстырылады. Келесі жүрісті жасау құқығы қарсыласқа көшеді.
Егер ойыншылардың біреуінің отауларында бір де бір құмалақ қалмаса, онда оның қарсыласы өз қатарындағы барлық тастарды өз қазанына көшіреді. Ойын екі ойыншының біреуі өз қазанына 81 –ден көп құмалақ жинағанша жалғаса береді (сол ойыншы жеңген деп саналады), немесе екеуі де 81 құмалақтан жинаса (тең) – ойын тең аяқталды деп есептеледі.
Тоғызқұмалақ қазіргі уақытта да орасан танымалдылыққа ие, бұл ойынды ұнататындардың саны жыл сайын өсіп келеді.

Мақала (материал) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде дайындалды


Әлімжан Акбаров,
Мектеп спорты Федерациясының
қоғамдастықпен байланыс
жөніндегі маманы

Толығырақ

Image
17-07-2019
СПОРТТЫҚ БАСТАМАЛАР

2019 жыл біздің елімізде Жастар Жылы болып жарияланды.
Елбасының бастамасы қоғамда үлкен жігер-шабытпен қабылданды.
Жастар үшін биылғы ерекше жылы аймақтарда салауатты өмір салтын және спорттың бұқаралық түрлерін насихаттаушы көптеген спорттық бастамалар болй көтерді.
Барлық өңірлерде спорт алаңдары ашылып, спорт объектілері жаңартылуда, көптеген спорт жарыстары өткізіліп, велосайыстар және марафондар он мыңдаған адамдарды жинап, халықтың жақсы дәстүрлеріне айналды.
Мұндай шаралар спортты дамытуға және де дені сау ұлтты қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Осындай жағдай жасау тек жастарға ғана емес, сондай-ақ жұршылықтың бәріне де өздерін спортта танытуға барша мүмкіндіктерді береді.
Олардың әрқайсысы, жас шамасына қарамастан, өз денсаулығын күшейтуге, мықты, епті, батыл, алдына мақсат қоя білетін адам болуға, күш-қайраты мен жігерін шыңдауға маңызды мүмкіншіліктер алады.
Бұл қасиеттердің барлығы жеке тұлғаның қалыптасуы үшін ауадай қажет.
Жастарды спорт саласында жан-жақты қолдау мемлекетіміздің көлемді бастамаларының бірі болып табылатын - «Birinshi Jastar Oiyndary» алғашқы жастар ойындарынан бастау алады. Оның ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде Білім және ғылым министрлігінің Дене шынықтыру бойынша ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе Мектеп спорты Федерациясы.
Ойын бағдарламасында волейбол, жеңіл атлетика, футбол, тоғызқұмалақ және спорттың әскери-қосалқы түрлерінен 14 пен 17 жас арасындағы ұл-қыздардың арасындағы аймақтық іріктеу жарыстары қарастырылған.
Ойындардың іріктеу турлары қыркүйектің бірінші жартысында жалпы білім беру мектептерінде, ал финалдық бөлімі Щучинск-Бурабай курорт аймағында қазан айында өткізіледі.
Назар аударарлық бір мәнжай, ойындарға спорттық атақтары, разрядтары жоқ, сондай-ақ арнайы спорт ұйымдарына қатысы жоқ жасөспірімдер жұмылдырылады. Жарыстардың нысандары жеңілдетілген ережелерге сәйкестендірілген, ол, өз ретінде, ойындарға анағұрлым көп балалардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Алғашқы жастар ойындары – еліміздің ең күшті бастауы.
Оларға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім беру басқармаларында құрылған Ұйымдастыру комитетіне жалпы білім беру мектептерінен өтініш білдіру жолымен қатысуға болады.
Өз күштеріңізді сынаңыздар!
Өз таланттарыңызды көрсетіңіздер!

Мақала (материал) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде дайындалды


Мәдениет Жақыпов,
Мектеп спорты
Федерациясының менеджері

Толығырақ

Image
10-07-2019
ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫНА БАСТАР ЖОЛЫ

Жаңа ел батырының туындауы. Жаңа олимпиядалық чемпион. Ұлт мақтанышы. Фанфарлар, әуежайда қарсы алу. Сыйлыққа берілген көлік және пәтерлер. Миллиондаған жанкүйерлері мен әлеуметтік желілердегі жазылушылары.
Балалар спорт мектебінің табалдырығынан аттаған әрбір жас спортшының арманы осылайша қалықтайды. Мұндай жол олардың әрқайсысында әрқалай басталады. Біреулері ата-анасының нұсқауымен келеді, енді біреулері үлкен халықаралық жарысты көргеннен соң білек сыбанып келсе, тағы өзгелері мектептегі достарының ұсынысымен аяқ басады. Сол сәтте олардың ешқайсысы армандарының ең болмағанда жартысына жақындау үшін қандай қиыншылықтардан өтетіндігін сезбесе керек. Алғашқы күмәндану кезекті таңертеңгі ұйқыны қимай тұрудан кейін туындай бастайды, себебі өз организмінің көбірек ұйықтағанын қалайтын әрбір баланың ондай ауыртпалықты көтере қоюы екіталай. Кейбіреулері үшін ерте тұруға машықтанған басқа балалардың алдында өзін әлсіз сезіну нағыз проблема. Енді біреулерге шын мәнісіндегі дене ауыртпалықтары тіпті қауіпті және күші жетпейтіндей болып көрінеді. Міне, дәл осындай жағдайларда, мектепке келген балалардың жартысы ғана қалғанда, нағыз чемпионның жолы тәуекелмен бастау алады. Әрине, мұндай кезде балаларға ата-аналары үлкен қолдау көрсетулері тиіс. Өйткені бала табиғатынан әкесі мен анасына сенуге және де олардың ақыл-кеңестерін тыңдап, орындауға бейімделген. Баланың жаттығулары мен жетістіктеріне ата-анасы үнемі қызығушылық танытса, ол дегеніңіз баланың бойында чемпиондық қасиеттердің пайда болуына септігін тигізері анық. Талант тумасынан не табиғатынан бастау алса, жеңімпаздық қасиет тек жүйелі жаттығулардан ғана қалыптасатыны сөзсіз.
Мінеки, көзі ашып-жұмғанша бірнеше жылдық маңдай терін төккен, әлсірететін халге дейін, тіпті түрлі жарақаттарға ұрындыратын жаттығулар артта қалды. Бала ағзамы ауыртпалықтарды көтеруге кәдімгідей дағдыланды. Таңертең ерте тұру еш қиын емес. Осы жерде жасөспірім спортшының болашақтағы өміріне маңызды ықпал ететін тағы бір сұрақ туындайды. Көп жағдайларда ондай шешім ата-аналарға байланысты, себебі, олардың пікірінше, өз баласының тағдырын тек солар ғана шешуі тиіс. Бұл дұрыс па әлде басқаша ма – төрелігін айта алмаспын. Менің ер жету кезеңімде ондай шешімге 90-шы жылдардың басындағы тұрақсыз экономикалық ахуал қатты әсер етті, ол уақытта қаржыландыруы болмауына байланысты спортшы мамандығы ғарышкер сияқты қол жетпейтін арман еді. Сол кезде өз баласын тұрақтылықтың кепілі болып саналатын заңгер немесе қаржыгер мамандығы жолына бағыттайтын ата-анаға ешқандай да талант ықпал ете алмайтын. Ал қазіргі спортты тұрақты қаржыландыру және жақсы алғышарттар мен инфрақұрылымның болуы уақытанда көптеген ата-аналар өз балаларының спорттағы болашағына сенімділікпен қарайды және елеулі қаржы қосып, оларға қолдау көрсетіп отырады. Өйткені қазіргі заманда кәсіби спортшы табысты қаржыгерден кей жағдайда көп ақша алмаса кем таппайды.
Осы жағдайларды талдай келе, сіздердің назарларыңызды мына мән-жайға аударсам деген ойым бар – ең бастысы, баладан не болғанда да кәсіпқой спортшы шығарам деп мақсатты түрде қатып қалу талап емес. Адамның сан қырлы екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер, сондықтан баланың болашақта қай салада өзін-өзі танытатындығын дөп басып айту өте қиын. Осы тұрғыдан алғанда, балаларға олардың өздеріне ұнайтын бағыттарда өз күштерін сынап көруіне мүмкіндік берген дұрыс деп санаймын. Сіздің қалауыңыз бойынша емес, тек олардың өздеріне ұнайтын салада екендігіне тағы назар аударамыз. Оларды түрлі көрмелерге, концерттерге немесе спорт шараларына апарыңыз. Сәйкесінше, сіздің балаңыз өзін қандай да бір рольде сынап көруі үшін өзіңізден мүмкіндік талап етеді. Ата-анасы немесе жаттықтырушысы балаға спорттың қандай да бір түріне нағыз қызығушылығын оятпаса, олардың күшпен чемпион боламыз деген ойлары еш нәтижеге жеткізбейді. Балаға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріңіз, сонда ғана ол өзінің чемпиондық жолында барынша күш-жігерін шыңдайтын болады.

Мақала (материал) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде дайындалды


Зейнулла Ақан,
Мектеп спорты
Федерациясының менеджері

Толығырақ

  • «
  • 1 (current)
  • 2
  • »