жаңалықтар

Image
22-05-2022
НОРМАНДИЯДАҒЫ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК

14-21 мамыр аралығында Довильде (Франция) XIX Дүниежүзілік жазғы гимназиада өтті.

Жаһандық жобаны Нормандия Үкіметінің қолдауымен Халықаралық мектеп спорт федерациясы мен Францияның мектеп спорт одағы ұйымдастырды.

Гимназиада 60-тан астам мемлекеттен 3,5 мыңнан астам атлет жинады.

Гимназиада бағдарламасында 20 спорт түрінен жарыстар болды және білім-мәдени іс-шаралар өткізілді.

Бұл ойындарға алғаш рет Қазақстан қатысты.

Еліміз спорттың 16 түрі бойынша 200-ден астам спортшыны ұсынды.

Ұлттық құрама командаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржылай қолдау көрсетті.

Гимназиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан 85 медаль, оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола жеңіп алып, үшінші командалық орынға ие болды.

Бокс, еркін, грек-рим және әйелдер күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, регби, спорттық және көркем гимнастика, садақ ату, таеквондо және семсерлесу командалары ерекшеленді.

Барлық қазақстандық спортшылар жеңіске деген ерік-жігер танытып, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Сонымен қатар, Гимназиада аясында ISF Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Оның барысында басқарушы және бақылаушы органдар сайланды. Қазақстан Мектеп спорт федерациясының басшысы Нұржан Нұрахметов 2026 жылға дейін ISF Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Оның кандидатурасын 38 мемлекеттің өкілдері қолдады.

Келесі жазғы гимназиада 2024 жылы Бахрейн Корольдігінде өтеді.

Толығырақ

Image
01-04-2022
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГА ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайын 5-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасы көп кезеңдік спорт жарыстары өткізіледі. Ұлттық мектеп лигасы аясында 10 спорт түрінен 41 жарыс 4 кезеңде (мектепішілік, аудандық / қалалық, облыстық, республикалық) ұйымдастырылады.

2021-2022 оқу жылында халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасы «Шұбар доп» волейбол, «Былғары доп» футбол, «Теңбіл доп» футзал, «Ұшқыр доп» гандбол, «Алтын доп» баскетбол, 3х3 баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, асық ату, бес асық, жеңіл атлетикалық кросс жарыстарынан тұрады.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында Лига бойынша спорттың 9 түрінен (баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, үстел теннисі, президенттік көпсайыс, асық ату, бес тас) 27 жарыс өткізілген. Онда 4187 қатысушыны қамти отырып, жарыстардың әр түрінде орта есеппен 14 команда бақ сынаған. Барлығы 446 алтын, 443 күміс, 441 қола медаль, 144 кубок, 1474 диплом сарапқа салынған. Мектеп лигасының жарыстары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Семей, Орал, Талдықорған, Щучье, Көкшетау, Павлодар қалаларында өтті.

Ұлттық мектеп лигасының 2021 жылғы қорытындысы:

1 орын – Түркістан облысы;

2 орын – Алматы қаласы;

3 орын – Шымкент қаласы;

4 орын - Жамбыл облысы;

5 орын – Павлодар облысы;

6 орын – Маңғыстау облысы.

Бүгінгі таңда бірінші кезеңге 1 898 135 (55,8% ), екінші - 744 566 (21,9%), ал үшінші кезеңге 10 спорт түрі бойынша 47 590 оқушы қатысуда.

1 сәуірде Өскеменде волейболдан «Шұбар доп» (9-11 сынып), баскетболдан «Алтын доп» (9-11 сынып), Шымкентте футзалдан «Теңбіл доп» (9-11 сынып), Қызылордада гандболдан «Ұшқыр доп» (9-11 сынып) жарыстары басталады.

Ұлттық мектеп лигасының 4-кезеңі 8 шілдеге дейін жалғасады.

Толығырақ

Image
30-03-2022
ISF АТҚАРУ КОМИТЕТІ ГИМНАЗИАДАНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛДЫ

2022 жылдың 29 наурызында ISF Атқару комитетінің (ЕК) онлайн отырысын өткізді.

Отырысын аясында Атқару комитетінің мүшелері Дүниежүзілік гимназиадаға дайындыққа байланысты істердің жай-күйін, сондай-ақ ISF пен Франция Ұйымдастыру комитетінің украиналық мектеп спортшыларының делегациясын қабылдауға және қолдауға сүрақтарын талқылады.

Іс-шараны ашқан ISF президенті Лорен Петринка Францияға 5 континенттегі 68 елден 3796 қатысушыны қарсы алуға дайындалып жатқан ISF пен Ұйымдастыру комитеті өте жоғары деңгейін атап өтті.

Президент Петринка былай деді: «Қазіргі халықаралық контексте ISF мүшелері мен бүкіл әлемдегі мектеп спорт қоғамдастықтары үлкен қызығушылық танытады және ISF-тің ең ірі іс-шарасына қосылуды асыға күтеді. Бұл тіркелген елдер санының дәлелі».

Атқару комитетінің мүшелері Украинаның мектеп спорт федерациясының Дүниежүзілік гимназиадаға қатысуын қамтамасыз ету үшін қолдау көрсету бастамасын қолдады.

Отырыс барысында алдағы іс-шаралардың ұйымдастырушылық аспектілері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды

Толығырақ

Image
11-03-2022
ҰЛЫТАУДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Қыс мезгілінің соңғы айында Қарағанды облысы Ұлытау ауданында 2022 жыл - балалар жылына орай "Қарлы қыс - 2022" жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында шаңғыдан, биатлоннан (эстафета) және мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері арасында хоккейден аудандық қысқы спартакиада өтті.

Жиналған командалар арасында ойыншылар өзара сайысқа түсіп, жарыстың көркін келтірді. Шыныққан шымыр болады дегендей, қысты күні спортпен шұғылданған өте пайдалы.

Жарыстың қорытындысы бойынша шаңғы мен биатлоннан эстафеталық жарыста жалпы
командалық есеп бойынша І орынды №1 тірек мектебінің оқушылары жеңіп алды, ІІ орын - Жезді мектеп интернатының спортшыларына бұйырса, ІІІ орынға №18 орта мектебінің оқушылары табан тіреді.

Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері арасында хоккейден өткен жарыста І орыннан Жезді мектеп интернатының хоккейшілері көрінді. ІІ орын №1 тірек мектебінің командасына, ал ІІІ орын Ұлытау ауданының білім бөлімі командасына бұйырда.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздары, медальдары және кубоктарымен марапатталды.

Арай МЫҢБАЕВА,
Ulytau media school тілшісі

Толығырақ

Image
01-03-2022
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС ТУРАЛЫ ISF МӘЛІМДЕМЕСІ

Украинаға қарсы соғысты және оның украин халқына және жастарға тигізетін әсерін айыптай отырып, Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) 2022 жылғы 1 наурызда өткен Атқарушы комитеті кезектен тыс отырысында, Жарғысының 1.6.6-тармаққа сәйкес, ISF Ресей Федерациясы мен Беларусьтің мүшелік құқықтарын тоқтату туралы қаулы етті.

Бұл келесі салдарға әкеледі:
Ресей Федерациясы мен Беларуссияға ISF-тің кез-келген шараларына қатысуға тыйым салынады;
Ресей Федерациясына бұрын берілген 2024 жылғы ХХ Дүниежүзілік жазғы гимназиаданы өткізу құқығын қайтарып алу;
Ресей Федерациясы мен Беларусь ISF Бас Ассамблеясы мен Атқарушы комитетінің отырыстарына қатыса немесе дауыс бере алмайды.

Украинадағы соғыс бейбітшілік, достық, ынтымақтастық және білім құндылықтарын спорт арқылы алға жылжытуға ықпал етпейтінін ескере отырып, ISF шақырады:
соғыс пен Украинаға басып кіруді дереу тоқтату, бейбітшілік пен диалог орнату;
ISF мүшелері украиндық әріптестерімен, оқытушылармен, студенттермен және бүкіл украин халқымен ынтымақтасуы керек.

Толығырақ