ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КИБЕРОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ
01-12-2021

29-30 қараша аралығында Киевте (Украина) Бүкіләлемдік киберспорттық ойындар өтті.

Жобаның ұйымдастырушылары - Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF), Украинаның мектеп спорт федерациясы және Украинаның киберспорт федерациясы.

Қазақстанның құрама командасы киберспорт Академиясының тәрбиеленушілері қатарынан құрылды.

Қазақстандық командалардың Бас демеушісі Украиналық мектеп спорт федерациясы болды.

Біздің киберспортшылар «DOTA2» және «CS:GO» киберпәндерде өнер көрсетті.

«DOTA2» пәні бойынша финалдық кездесуде қазақстандық киберспортшылар Украина құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Нәтижесінде біздің құрама 1000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлықпен жалпыкомандалық есепте екінші орынды жеңіп алды.

«DOTA2» команданың құрамы: Тамир Тоқпанов, Ерлан Лесбек, Олег Верещагин, Егор Миллер және Богдан Орлов.

«CS: GO» пәніден біздің киберспортшылар Швеция құрамасын жеңіп, командалық бірінші орынға ие болды. Біздің команда 1500 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«CS:GO» команданың құрамы: Жандос Акатаев, Азиз Итахунов, Алишер Масакбай, Даулет Ондасынов және Альтаир Аскаров.