ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
24-12-2021

22 желтоқсанда «Трофи-ПРО» және «Трофи-ПРОФИ» Халықаралық онлайн-фестивальдері өтті.

Фестиваль ұйымдастырушылары - Ресейдің Білім министрлігі, Ресейдің Спорт Министрлігі және «Ресей жастары» қоғамдық-мемлекеттік дене шынықтыру және спорт қауымдастығы.

Фестивальге Ресейден бөлек, Кипр, Молдова, Қазақстан, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия сынды жеті елдің өкілдері қатысты. Халықаралық фестивальдерге барлығы 104 адам қатысты, оның ішінде 56 – жалпы білім беру ұйымдарының оқұшылары, 48 – кәсіптік білім беру ұйымдарының оқұшылары.

Бұл фестивальде Қазақстанның атынан Алматы қаласының №68 мектеп-гимназиясы мен Қарағанды қаласының Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебінің командалары қатысты.

Халықаралық «Трофи-ПРО» жеңімпаздар мен жүлдегерлері:

№1 Номинация (14-15 жас):
1 орын: Кеңес Одағының Батыры П.И. Романов атындағы №2129 мектеп (Мәскеу, Ресей);
2 орын: №68 мектеп-гимназия (Алматы, Қазақстан);
3 орын: Арадиппу гимназиясы (Ларнака, Кипр).

№2 Номинация (16-17 жас):
1 орын: Удмурт Республикасы Ижевск қаласының №49 жалпы орта білім беру мектебі (Ижевск, Ресей);
2 орын: Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп (Қарағанды, Қазақстан);
3 орын: Белград № 7 гимназиясы (Белград, Сербия).

Халықаралық «Трофи-ПРОФИ» жеңімпаздар мен жүлдегерлері:

№1 Номинация (16-17 жас):
1 орын: Мәскеу қаласының спорт департаментінің «Спарта» дене шынықтыру және спорт колледжі (Мәскеу, Ресей);
2 орын: Медициналық мектеп (Чаковец, Хорватия);
3 орын: Алексей Матеевич атыңдағы колледж (Кишинев, Молдова).

№2 Номинация (18-19 жас):
1 орын: Ейск полипрофильді колледжі (Ейск, Ресей);
2 орын: Никола Карев гимназиясы (Скопье, Солтүстік Македония);
3 орын: Алексей Матеевич атындағы колледж (Кишинев, Молдова).