МЕКТЕП СПОРТЫ БАҒЫТЫНДА МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ
18-06-2021

Бүгін бейнебайланыс арқылы Қазақстан мектеп спорт федерациясының бастамасымен және Сингапурдың Білім министрлігі қолдауымен «Сингапурдағы мектеп спорты» атты таныстыру сағаты өтті.

Бұл іс-шараға Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан педагогикалық ұжымдары қатысты.

Халықаралық мектептер спорты федерациясы Атқару комитетінің мүшесі Нұржан Нұрахметовпен Сингапур Білім министрлігінің дене шынықтыру, спорт және белсенді білім департаментінің директоры Кришнан Аравинтнан өздерінің сөзлеулерінде бұл жобаның маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, олар жастардың дене тәрбиесін дамыту жолында педагогикалық тәжірибе алмасудың құндылығын, қажеттілігі мен уақыттылығын ерекше атап өтті.

Презентация аясында Сингапурдың Білім министрлігінің дене шынықтыру, спорт және белсенді білім бөлімінің аға маманы Вонг Су Мен Сингапурдағы дене шынықтыру-спорт жүйесімен, дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру механизмдерімен бөлісті. Ұлттық мектеп ойындары және мұғалімдерді әлеуметтік қамтамасыздандыру мәселелері көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Презентация аяқталғаннан соң пікірталас алаңы өтті, оның барысында тыңдаушылар көптеген өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды.

Презентация сағаты соңында модераторлар мемлекетаралық серіктестікті нығайту маңыздылығы мен бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру қажеттілігі туралы өз пікірлерін білдірді.