ISF СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ
28-06-2021

Ағымдағы жылдың 27 маусымда Брюссельде (Бельгия) 100-ден астам ұлттық спорт ұйымдарының қатысуымен Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF) Бас Ассамблеясының отырысы өтті.

Жұмыс барысында ISF Президенті мен вице-президенттерінің, ISF Бас хатшысы мен Спорт директорының есептері тыңдалды, ISF-тің 2021 жылға арналған аудиторлық есебі мен бюджеті, сондай-ақ 2021-2023 жылдарға арналған спорттық іс-шаралар күнтізбесі бекітілді.

Бас Ассамблея аясында кейбір әкімшілік, ұйымдастырушылық және басқа да мәселелер, соның ішінде Дүниежүзілік мектеп ойындарын және басқа да жаһандық жобаларды өткізуге байланысты мәселелер талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша кезекті басым міндеттер әзірленді.