ҚАЗАҚСТАН АЛҒАШ РЕТ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЕКТЕП ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ
10-09-2021

Бүгін қазақстандық команда 12 қыркүйекте басталатын U15 Бүкіләлемдік мектеп ойындарына қатысу үшін Белградқа (Сербия) ұшып кетті.

Ойындар бағдарламасында спорттың 14 түрі бойынша жарыстар қарастырылған, оның ішінде баскетбол, бадминтон, еркін және грек-рим күресі, дзюдо, каратэ, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, спорттық бағдарлау, таеквондо, футбол және шахмат.

Жарыстардан басқа мәдени және ойын-сауық бағдарламалары жоспарланған.

Ойындарға 30 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады.

Еліміздің намысын таеквондо командасы қорғайтын болады

Қазақстандық таеквондошылар «керуги» (спарринг) пәнінен сынға түседі.