Қыс мезгілінің соңғы айында Қарағанды облысы Ұлытау ауданында 2022 жыл - балалар жылына орай "Қарлы қыс - 2022" жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында шаңғыдан, биатлоннан (эстафета) және мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері арасында хоккейден аудандық қысқы спартакиада өтті.
Жиналған командалар арасында ойыншылар өзара сайысқа түсіп, жарыстың көркін келтірді. Шыныққан шымыр болады дегендей, қысты күні спортпен шұғылданған өте пайдалы.
Жарыстың қорытындысы бойынша шаңғы мен биатлоннан эстафеталық жарыста жалпы командалық есеп бойынша І орынды №1 тірек мектебінің оқушылары жеңіп алды, ІІ орын - Жезді мектеп интернатының спортшыларына бұйырса, ІІІ орынға №18 орта мектебінің оқушылары табан тіреді.
Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері арасында хоккейден өткен жарыста І орыннан Жезді мектеп интернатының хоккейшілері көрінді. ІІ орын №1 тірек мектебінің командасына, ал ІІІ орын Ұлытау ауданының білім бөлімі командасына бұйырда.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздары, медальдары және кубоктарымен марапатталды.
Арай МЫҢБАЕВА, Ulytau media school тілшісі