13.06.2023
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДА

19-27 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) Бүкіләлемдік жазғы гимназиада (U15) өтеді.

Гимназиада Бразилия үкіметінің қолдауымен Халықаралық мектеп спорт федерациясымен ұйымдастырылады.

Гимназиаданың бағдарламасы бойынша спорттың 20-дан астам түрінен жарыстар өткізу қарастырылған, соның ішінде бокс, бадминтон, еркін, әйелдер және классикалық күрес, дзюдо, жеңіл атлетика, каратэ және т.б.

Сонымен қатар, бағдарлама танымдық және мәдени шараларға толы.

Гимназиадаға 3000-нан астам спортшы қатысуды жоспарлап отыр.

Қазақстанның намысын жас боксшылар қорғайды.

Жаңалықты бақылаңыз!