2011құрылған жылы
2018ISF толық құқылы мүшесі
132мемлекет ISF құрамында
40+ISF бағдарламасындағы спорт түрі
Біз туралы

Мектеп спорт федерациясы

«Мектеп спорт федерациясы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі (бұдан әрі - мектеп спорт федерациясы) 2011 жылдың 28 маусымында құрылды. 

Дирекцияның орналасқан жері - Алматы қаласы. 

Мектеп спорт федерациясы коммерциялық емес өзін өзі қаржыландыратын мүшелік негізінде құрылған бірлестік болып табылады. Оның жұмысы орта білім беру ұйымдарында спорттағы бұқаралықты қамтамасыз етуге, жоғары жетістікті спорт үшін іргетас қалыптастыруға, жас спортшылардың мүдделерін мемлекет ішінде және шетелдерде қорғауға бағытталады.

Оның әріптестерінің арасында – Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Халық» қайырымдылық қоры және басқалар.

2018 жылдан бастап Мектеп спорт федерациясы - Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) тұрақты мүшесі болып табылады. ISF қолдауымен Дүниежүзілік жазғы мен қысқы гимназиадалар, инклюзивті және ақпараттық ойындар, 40-тан астам спорт түрлері бойынша әлем және континенталды мектеп чемпионаттары өткізіледі.

Тарих

Біздің жол

  1. 2011Мектеп спорт федерациясы құрылды (28 маусым, Алматы)
  2. 2017Азия мектеп спорт федерациясының (ASSF) толық құқылы мүшесі
  3. 2018Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) толық құқылы мүшесі
  4. 2019–2026ASSF Атқарушы комитетінің құрамында
  5. 2020–2026ISF Атқарушы комитетінің құрамында
International School Sport Federation

Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF)

ISF қолдауымен Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназиадалар, инклюзивті және танымдық ойындар, 40-тан астам спорт түрі бойынша әлемдік және құрлықтық мектеп чемпионаттары өткізіледі.

1972құрылған жылы, штаб-пәтері — Брюссель (Бельгия)
ХОКХалықаралық Олимпиада комитеті таныған
1995бастап GAISF қауымдасқан мүшесі
132мүше мемлекет
Қазақстан Республикасының Туы

2020 жылы Қазақстан алғаш рет ISF Атқарушы комитетінде өкілдік етті. Біз ISF халықаралық жарыстарына белсенді қатысып, оқушылардың мектеп спортына деген қызығушылығын арттырамыз.

Марапаттар

Марапаттар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

ҮЕҰ үшін Мемлекеттік сыйлық

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін.

Фото

Қазақстан ISF жарыстарында