07.03.2023
ФЕДЕРАЦИЯНЫҢ ТАЕКВОНДОДАН КЛУБТАР КУБОГЫ

2023 жылдың 25-26 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубта Федерацияның (WT) таеквондодан Клубтық Кубогы өтеді.

Федерация Кубогының міндеттері болып:

таеквондода (WT) жаппай бұқаралылықты қамтамасыз ету;

спорттық мәдениетті қалыптастыру;

Федерация Кубогына волонтерлік (еріктілер) қолдау институтын енгізу;

Таеквондодан (WT) Әлем чемпионатына (U12) құрама команданы қалыптастыру табылады.

Жарыстар «Кёруги» тәртібі бойынша өткізіледі.

Федерация Кубогына қатысушылар (ұлдар және қыздар) екі категорияға бөлінеді:

түрлі түсті белбеулі (иемденген) спортшылар;

қара белбеулі (иемденген) спортшылар.

Анықтама +7 701 222 00 28 телефоны бойынша.