Қазақстандық Мектеп спорт федерациясы үстел теннисі бойынша жаттықтырушыларды даярлауға арналған халықаралық курстарға қатысушыларды қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Аталған курстар Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мамандарының жетекшілігімен өткізіледі және Халықаралық мектеп спорт федерация мен Қазақстандық Мектеп спорт федерациясының бірлескен ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.
Курсқа қатысуға шақырылады: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері; мектеп спорт клубтарының жаттықтырушылары; жоғары сынып оқушылары; Орталық Азия елдерінен қызығушылық танытқан барлық үміткерлер.
Курс ұзақтығы - 6 күнге дейін. Бағдарлама жаттықтырушылардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды.
Курстар өтетін орын мен күндер топтар жасақталғаннан кейін анықталады.
Оқу барысында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім алады: үстел теннисі ойыншыларын оқыту мен даярлаудың заманауи әдістемелері; спортшылардың техникалық және тактикалық дайындығы; жаттығу үдерісін жоспарлау негіздері; жаттықтырушылық дағдыларды дамыту және бастаушы ойыншылармен жұмыс істеу әдістері.
Курс соңында қатысушыларға ITTF Level 1 халықаралық жаттықтырушы сертификаты табысталады. Аталған сертификат кәсіби біліктілікті растайды және жаттықтырушылық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ ITTF жүйесі аясында кәсіби білім мен дағдыларды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Өз біліктілігіңізді арттыруға, халықаралық сертификат иеленуге және Орталық Азия елдерінде үстел теннисін дамыту ісіне үлес қосуға берілетін осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Курсқа қатысу үшін 2026 жылғы 30 сәуірге дейін тіркелу қажет.
Тіркеу forms.gle платформасы арқылы жүзеге асады.
Сілтеме 🔗 біздің Instagram парақшамыздың профильде.
