29 наурызда Атырау облысы, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру пәні мұғалімдері Халықаралық мектеп спорт федерациясының ұйымдастыруымен «Ұлыбританияның дене шынықтырудан оқыту процессін ұйымдастыру тәжірибесі» тақырыбы бойынша вебинарға қатысады.
Спикер – Халықаралық мектеп спорт федерациясының дене шынықтыру комитетінің төрағасы Бен Холден, дене шынықтыру туралы әлемдік бестселлерлердің авторы.
Халықаралық вебинар Қазақстан мектеп спорт федерациясының қаржылай қолдауымен өткізіледі.