Алдағы уақытта дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің еңбек құқықтарына арналған алғашқы арнайы вебинар өтеді.
Аталған маңызды шара дене шынықтыру және спорт саласында еңбек ететін педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Бүгінде көптеген мамандар өздерінің еңбек құқықтарын қорғауда қиындықтарға тап болуда, себебі қолданыстағы заңнама бойынша өз құқықтары мен міндеттері туралы толыққанды ақпарат әрдайым қолжетімді емес.
Вебинардың спикері - заң ғылымдарының кандидаты, құқық саласындағы тәжірибелі сарапшы Канат Жамалханович Баетов. Ол практикалық кеңестерімен бөлісіп, кәсіби қызмет барысында жиі кездесетін жағдайларды талдайды және қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап береді.
Вебинар бағдарламасында: мұғалімдердің еңбек заңнамасына сәйкес құқықтары мен міндеттері; еңбек құқықтары бұзылған жағдайда әрекет ету тетіктері; еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу жолдары; заңсыз жұмыстан босату, артық жұмысқа тарту, еңбекақыны кешіктіру және өзге де заңбұзушылықтар кезінде қолданылатын құқықтық құралдар қамтылады.
Маман ретіндегі құқықтық біліміңізді арттыруға тамаша мүмкіндік!
Вебинар кәсіби қызметте өзіңізді сенімді сезінуге септігін тигізеді.
Вебинарға қатысу үшін 2025 жылғы 30 тамызға дейін тіркелу қажет.
Тіркеу forms.gle платформасы арқылы жүзеге асады.
Сілтеме - біздің Instagram парақшамыздың профильде.
