2025 жылғы 20 қазан мен 15 желтоқсан аралығында 15–18 жастағы мектеп оқушылары спорт пен шығармашылықты тоғыстыра алады - қозғалыс, күш пен шабыттың өнерге айналатынын көрсет!
Тақырыптар:
"Қимылдағы спорт";
"Ұлттық спорт түрлері";
"Отандас спорт жұлдыздары".
Номинациялар:
майлы бояумен салынған кескіндеме;
digital painting (цифрлық сурет салу).
Ең үздік туындылар көрмеге, цифрлық каталогқа және қайырымдылық аукционына енгізіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, графикалық планшет және естелік сыйлықтар табысталады.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 20 қазан - 15 желтоқсан.
Толық ақпаратты +7701 500 35 21 телефоны арқылы алуға болады.
Қатысу тегін.
