2023 жылдың 13 наурызында "Украинаның жалпы білім беру жүйесінің субъектілерінде дене шынықтыру-спорт жұмысын ұйымдастыру: тәжірибе, мәселелер, перспективалары" тақырыбында Украинаның білім және ғылым министрлігі дене тәрбиесі және спорт комитетінің төрағасы Вадим Стеценконың шолу дәрісі өтеді.
Жобаның ұйымдастырушылары – Қазақстанның мектеп спорт федерациясы мен Украинаның оқұшылар спорт федерациясы.
Шолу дәрісі барысында Украинаның жалпы білім беру жүйесінің субъектілеріндегі дене шынықтыру-спорттық жұмыстарының моделі таныстырылады.
Дәрістің мақсаты - Украинаның салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде спортты дамыту, мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелеріндегі оң тәжірибесін зерделеу, мектептерде дене шынықтыру-спорт жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу.