17.03.2023
ШАХМАТТАН ӘЛЕМ КУБОГЫ

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Халықаралық мектеп спорт федерациясымен (ISF) бірлесіп, мектеп командалары арасында шахматтан Әлем Кубогын өткізеді.

Қатысуға 2005-2015 жылы туған оқушылар жіберіледі.

Жарыс форматы – FIDE Online Arena платформасында өтеді.

Жарыстың ресми тілі – ағылшын тілі.

Біліктілік турнирлері 29-30 сәуір аралығында, финалдық - ағымдағы жылдың 06-07 мамыр аралығында өтеді.

Сыйлықтар ретінде FIDE Online Arena-ға премиум-мүшелік, әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлермен онлайн-жаттығулар, шеберлік сабақтарына абонементтер, Дүниежүзілік шахмат академиясының жиынтықтары және т.б. ойнатылады.

Өтінімдерді қабылдау 22 сәуірге дейін жүзеге асырылады.

Телефон арқылы анықтама +7 777 083 61 55.