4-13 желтоқсан аралығында Қытайдың Шанлоу қаласында 15 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында волейболдан әлем чемпионаты өтеді.
Бұл беделді халықаралық жарыс Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) бастамасымен және Қытай мектеп спорты федерациясының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Чемпионатқа алты құрлықтан келген 40-тан астам мықты мектеп командалары, соның ішінде Қазақстан құрамасы қатысады деп күтілуде.
Әлем біріншілігі тек спорттық сын ғана емес, сонымен қатар мәдени ынтымақтастықты дамытуға, достықты нығайтуға және мектеп спортының жаһандық деңгейде кеңінен таралуына ықпал ететін маңызды алаң болмақ.
