25-26 наурызда Алматыда орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубында 12 жасқа дейінгі оқушылар арасында Федерацияның (WT) таеквондодан Клубтар Кубогы өтті.
Мектеп спорт федерациясының тапсырысы бойынша осы жобаны алматылық «ILGP Lifecoaching" компаниясы орындады.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен барлығы 400-ге жуық бала қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты - 18-25 маусым аралығында Мазатлан қаласында (Мексика) өтетін (WT) таеквондодан Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан құрама командасын қалыптастыру.
Жарыстың жас қатысушылары өздерінің шеберліктерін және жекпе-жекте жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.
Жарыс екі санатта өтті – түрлі-түсті және қара белбеуі бар балалар арасында.
Әр жекпе-жекте Мектеп спорт федерациясы жанындағы спорт төрешілерінің Ұлттық тізіліміне кіретін Халықаралық және Ұлттық санаттағы спорт төрешілердің жетекшілігімен тәуелсіз және объективті болып өтті.
Барлығы 36 алтын, 33 күміс және 54 қола медаль жеңіп алды.
Алдағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрама командасының мүшелеріне жарқын жеңістер тілейміз!