12.07.2023
АЛМАТЫДА СПОРТ БАТЫРЛАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Алматыда Мектеп спорт федерациясының кеңсесінде оқушылар арасында өткен таеквондодан Әлем чемпионатына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Әлем чемпионы Изят Касановқа ақшалай сыйлық, күміс жүлдегерлер Азим Ниязов пен Антон Пакқа спорттық тақырыптағы авторлық картиналар табыс етілді.

Осымен қатар олардың әрқайсысына «Мектеп спорт лидері» қоғамдық мәртебесі берілді.

Жас таеквондошылардың бапкерлері Руслан Бакиев пен Асан Ниязов дипломдарымен марапатталған.