18.02.2026
АРМАН ТАШМЕТОВ "ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Бас директоры, Мектеп спорт федерациясының Даму және коммуникациялар жөніндегі кеңесінің төрағасы Арман Бақытжанұлы Ташметов «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Аталған жоғары мемлекеттік награда-оның көпжылдық адал еңбегі мен дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы әрі кәсіби қызметіне берілген жоғары сенімнің көрінісі.

Арман Бақытжанұлын осы мәртебелі марапатымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз.