10.10.2023
СЕРБИЯДА АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Белград қаласында (Сербия) Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) Атқару комитетінің отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан мектеп спорт федерациясының төрағасы Нұржан Нұрахметов қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша алдағы жобалар талқыланды, оның ішінде Мектеп спортының халықаралық парламентін құру және ISF-ті Швейцарияға (Лозанна) көшіру, басқарушы және атқарушы органдардың есептері тыңдалды, қаржылық бюджет бекітілді.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.