25.08.2026
Астанада Республикалық тамыз саммиті өтті

Бүгін Астанада Мектеп спорт федерациясының өкілдері дене шынықтыру саласындағы адами капиталды дамытуға арналған Республикалық тамыз саммитіне қатысты.

Саммитті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Қазақ ұлттық спорт университетінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шарада білім беру мен спортты дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Саммит қорытындысы бойынша Мектеп спорт федерациясы дене шынықтыру мен спортты насихаттауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мектеп спорты – адами капиталға және ел болашағына салынған инвестиция.

Фото: Қазақ ұлттық спорт университеті