04.07.2023
АСТАНАДА ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Астанада Мектеп спорт федерациясы оқушылар арасындағы таеквондодан Әлем чемпионы Аятжан Әмірханов пен оның жаттықтырушылары Динара Қабдулова мен Арал Садықовты дипломдар мен сыйлықтармен марапаттады.

Бұл ретте Аятжан Әмірхановқа «Мектеп спорт лидері» қоғамдық мәртебесі берілді. Айта кетерлігі, мұндай мәртебені Мектеп спорт федерациясы ерекше көзге түскен спортшыларға береді.

Еске салайық, 18-26 маусым аралығында Мазатлан қаласында (Мексика) оқушылар арасында таеквондодан бірінші Әлем чемпионаты өткен болатын.