24.08.2023
АТЫРАУЛЫҚТАР ФУТЗАЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

20 - 23 тамызда Астанада мектеп командалары арасында футзалдан Әлем чемпионатына (U18) іріктеу турнирі өтті.

Теке тірескен жарыста бірінші орынды белсенділік пен шебер ойынды ұштастыра білген, қорытындысында 9 ұпай жинаған Атырау облысының құрама командасы жеңіп алды. Екінші орынды қанжығасына 6 ұпай жинаған Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі иеленді. Үшінші орынға 3 ұпаймен астаналық «Сайран» командасының спортшылары көтерілді.

Атырау облысының құрама командасының келесі ойынын Белградта (Сербия) жалғастырады, онда Халықаралық мектеп спорт федерациясы эгидасымен 8 – 17 қазан аралығында кезекті Әлем біріншілігі өткізіледі.

Бұл жоба Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясымен Қазақстан мектеп спорт федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып жүзеге асырылғандығын естеріңізге саламыз.