Алматы қаласында Марокко Королі Жоғары Мәртебелі Оның Елшісі Мохаммед Рашид Мааниннің Қазақстан гольф федерациясына бейресми сапары өтті.
Кездесу барысында Қазақстан гольф федерациясы мен Марокко Корольдігінің гольф федерациясы арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тараптар бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, сондай-ақ балалар, әйелдер және бейімделген гольф салаларында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.
Ерекше назар Қазақстан құрамасының 2025 жылғы шілде айында Рабат қаласында өтетін гольфтан ISF Әлем чемпионатына қатысуына аударылды.
Гольфтан ISF Әлем чемпионаты - Халықаралық мектеп спорт федерациясының маңызды іс-шараларының бірі. Аталған жарыс аясында Қазақстан құрамасы ел намысын абыроймен қорғап, жоғары спорттық шеберлігін көрсетуге ниетті.
