23.07.2026
Қазақстан мен Өзбекстан мектеп спорты саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

23 шілдеде Қазақстанның Мектеп спорт федерациясы мен Өзбекстанның Студенттік спорт қауымдастығы өкілдерінің онлайн-кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен білім беру, спорт және жастар жобаларын іске асыру, халықаралық өзара іс-қимылды дамыту, делегациялар алмасуды ұйымдастыру және ортақ іс-шаралар өткізу мәселелері қарастырылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан жастары арасындағы гуманитарлық байланыстарды спорт арқылы нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған жобаларды бірлесіп іске асыру бағытындағы жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.