Жағажай волейболынан мектеп командалары арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады.
Чемпионат Бат-Ям қаласында (Израиль) осы жылдың 15-23 мамыры аралығында өтеді.
Жарысқа екі жас санатында екі қазақстандық команда қатысуда.
Жасы 15-ке толмаған команда құрамына София Күзембаева мен Аяна Жаманбаланова кірді. Ал 18 жасқа дейін ел намысын Камилла Есентаева, Мария Пересецкая және Надежда Иванченко қорғайды.
Қазақстандық командалар Израиль, Латвия, Украина, Кипр, Германия және Франция құрамаларымен ойнайды.