26 тамызда Рио-де-Жанейрода Дүниежүзілік жазғы гимназиаданың (U15) аясында бокстан жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан құрама командасының мүшелері марапатсыз қалған жоқ.
Барлығы 12 алтын, 7 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Біздің боксшылардың әрқайсысы рингтерде өз шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсете келе жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізді. Бүкіл әлемге ең мықтылардың қатарындағы қазақстандық бокс мектебінің айбыны мен намысын паш етті.
Қыңыр күресте бірінші орындарға ие болды:
Абай облысының Аякөз қаласы №1 орта мекбетінің оқұшысы Қайрғазы Нұрасыл;
Алматы қаласы №42 орта мектебінің оқушысы Нұрғожа Едіге;
Алматы қаласы №68 мектеп-гимназиясының оқұшысы Мақсатұлы Хамза;
Алматы қаласы «Шанырақ» ықшам ауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқұшысы Берікқали Бекнұр;
Астана қаласы №29 орта мекбетінің оқұшысы Маржикпаев Кенесарыамир;
Тараз қаласы Н. Данаев атындағы орта мектебінің оқушысы Жолдығұл Арсен;
Жамбыл облысының Жуалы ауданы №19 Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Әшірбай Бибарыс;
Жамбыл облысының Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының оқушысы Қалабай Ақжүрек;
Қостанай қаласы Абай атындағы №27 орта мектебінің оқұшысы Усенов Айдос;
Түркістан облысының Ақжар ауылы №48 Абылайхан орта мектебінің оқұшысы Урумбасар Құаныш;
Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласы №11 орта мектебінің оқушысы Темірбаев Темірали;
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейінің оқұшысы Матасов Санжар;
Өскемен қаласы №45 орта мектебінің оқұшысы Баяндинов Алдияр.
Гимназиаданың күміс жүлдегерлері келесі боксшылар атанды:
Алматы қаласы «Likewie school» білім мекеменің оқушысы Бирюков Платон;
Қарағанды қаласы А. Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің оқұшысы Амир Рамазан;
Тараз қаласы №43 орта мектебінің оқушысы Лесбай Шамсәт;
Маңғыстау облысының Құрық ауылы №6 орта мектебінің оқушысы Салық Жәдігерхан (күміс медаль);
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы №21 орта мектебінің оқушысы Тасмұханбетов Дарын;
Өскемен қаласы №48 орта мектебінің оқушысы Мәдениет Санжар.
Үшінші орынға Тараз қаласы №8 мектеп-гимназиясының оқушысы Артаев Алинур мен Жамбыл облысының Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы А.Бокейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы Рүстембек Мұхамедәли ие болды.
Төрешілер алқасының шешімімен Мақсат Оспанов гимназиаданың бокстан үздік жаттықтырушысы болып танылды.
Бүгін Алматы халықаралық әуежайында гимназиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алды.
Елге оралған жас боксшылар мен олардың жаттықтырушылары Қазақстан мектеп спорт федерациясының дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Батырларымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!