26.07.2023
ПРОКУРОРЛАР МЕКТЕП СПОРТЫН ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

15 шілдеде Астанада Қазақстандық прокурорлар қауымдастығы мен Мектеп спорт федерациясы арасында ынтымақтастық және өзара әрекетету туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар жастарға тәрбиелік мәні бар және ықпал ететін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Екі жақты серіктестік щеңберінде құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде білім беру ұйымдарында спортты дамыту және жастарды спортқа тарту жолымен құқық бұзушылықтың алдын алу жоспарлануда.

Екінші жарты жылдықта тараптар білім беру ұйымдарындағы үйірмелік жұмыстардың заң талаптарына сәйкес келуіне талдау жасап, сондай-ақ жастар ортасында есірткіліктің профилактикасы сұрақтарына арналған дөңгелек үстел өткізеді.

Қазақстандық прокурорлар қауымдастығы – үкіметтік емес, саяси емес және коммерциялық емес ұйым, оның мүшелері ерікті негізде прокуратура органдарының қызметкерлері болып табылады, қазіргі уақытта төрт жарым мыңнан астам мүше бар.