21.03.2023
БРЮССЕЛЬДЕ ISF АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТУДЕ

Осы күндері Брюссельде Халықаралық мектеп спорт федерациясы Атқару комитетінің отырысы өтуде.

Күн тәртібінде жұмысты ұйымдастырудың, сонын ішінде ұлттық деңгейдегі өзекті мәселелері бекітілген.

Мәжіліс барысында басшылық органдардың есебі тыңдалып, алдағы тұрған жаһандық жобаларды жүзеге асыру және көптеген өзге де мәселелер талқыланды.

ISF маркетингтік саясатының сұрақтарына ерекше мән берілді. Өзге де мәселелердің қатарында мектеп спорты федерациясының мәртебесі мен ролін нығайту, арттырудың, олардың профильдік спорт федерацияларымен өзара әрекеттесуі мен жұмысқа жаңаша кәзқарастарды қалыптастырудын маңыздылығы атап әтілді.

Атқару комитетінің жұмысына Қазақстан мектеп спорты федерациясының төрағасы Нұржан Нұрахметов қатысуда.