Бүгінгі баспасөз мәслихатында Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) Президенті Лоран Петринка, Довиль қаласы (Нормандия, Франция) мэрінің спорт жөніндегі орынбасары Филипп Беуэ және UNSS Ұлттық директоры Джиро Оливье Дүниежүзілік жазғы гимназиаданың әкімшілік, ақпараттық және басқа да қолдау аспектілерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік жазғы гимназиада 2022 жылдың 14-22 мамыр аралығында Нормандияның 9 қаласында өтеді. Ойындар бағдарламасы спорттың 20 түрі бойынша жарыстарды қарастырады, оған барлығы 3500-ден астам спортшы қатысады.
Осы күндері ISF техникалық комиссиясының мүшелері гимназиаданы өткізуге қатысатын спорт ғимараттарын тексеруді аяқтады. Инспекциялық сапар жобаның барлық мүдделі тараптары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі үйлестіруге ықпал етті.
Қазақстан осы жарыстарға белсенді дайындалуда.