14 қаңтарда бейнеконференция режимінде Қазақстан мектеп спорт федерациясы Президиумының кезектен тыс отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде Федерацияның қауымдастырылған мүшелеріне кіру туралы Қарағанды қаласы білім бөлімінің "№30 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ өтінішін қарау қарастырылды.
Отырыс барысында Президиум білім беру субъектісі ұсынған құжаттарды зерделеп, мектептің дене шынықтыру-спорт қызметі туралы ақпаратты тыңдады.
Отырыс қорытындысы бойынша Президиум мектеп әкімшілігінің өтінішін қолдады.
Президиум шешімімен аталған мектеп Федерацияның қауымдастырылған мүшелерінің тізіліміне енгізілді.