Кеше Қазақстанның құрама командасының мүшелерінің қатысуымен 2024 жылдың 23-31 қазаны аралығында Бахрейн Королдігінде өтетін Дүниежүзілік жазғы гимназиадаға қатысуға дайындық аясында арнайы ақпараттық семинар өтті.
Семинар спикері Айгерім Ақшалова алдағы сапар өтетін елдің мәдениеті мен дәстүрлері, шетел азаматтарының ол жерде болуына қатысты жауапкершілік пен кейбір ерекшеліктері туралы айтып берді.
Тыңдаушылар үшін Халықаралық мектеп спорты федерациясының антидопингтік саясатына қатысты мәселелер қызықты болды.
Жалпы, спорт белсенділері өздерінің құқықтық сауаттылықтарын нығайтып, Бахрейннің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін арттырды.