Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Жазғы Дүниежүзілік гимназиадасының (U18) жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына білім гранттарын бекітті. Бұл жарыс өткен жылы Бахрейн Корольдігінде өткен еді.
Мемлекеттік гранттарға ие болғандар: Қуаныш Асқар, Саутбек Айдамир, Арыстан Битикенов, Қалдыхан Даниял, Хуанышұлы Жанарбек, Қыстаубай Нұрсұлтан, Нұрасыл Оңғарбай, Ердәулет Шөмекей, Даулет Боранқұлов және Ерлан Дарманқұл (бокс); Алтынбек Қонысбай (дзюдо); Ансаған Жоламанова және Асанәлі Тұрысбеков (садақ ату).
Бұл шешім жас спортшылардың Дүниежүзілік гимназиадаларға қатысуына мемлекеттің қолдауының айқын дәлелі болып табылады.
Білім гранттары спортшыларға сапалы жоғары білім алудың кең мүмкіндіктерін ашып, олардың академиялық дамуын спорттағы одан әрі жетістіктерімен үйлестіруге мүмкіндік береді.
