07.08.2026
Гимназиада жүлдегерлері - грант иегерлері

2023 және 2025 жылдардағы Дүниежүзілік гимназиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім беру гранттары тағайындалды.

Олардың қатарында Қуаныш Урумбасар, Алдияр Баяндинов, Мұхамедәлі Рүстембек, Кенесарыамир Маржикпаев, Бибарыс Әшірбай, Айдос Усенов, Санжар Матасов, Едіге Нұрғожа, Нұрқожа Қалыбек, Айбек Садык және Шыңғыс Макаров бар.

Дүниежүзілік гимназиадаға қатысушыларға грант тағайындау – ірі халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған дарынды мектеп оқушыларына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың маңызды түрі. Спорттағы жетістіктер жас спортшыларға жоғары білім алуға және болашақ кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер береді.

Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және оларға енді тек спорт алаңында ғана емес, оқуында да жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!