22.05.2022
НОРМАНДИЯДАҒЫ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІК

14-21 мамыр аралығында Довильде (Франция) XIX Дүниежүзілік жазғы гимназиада өтті.

Жаһандық жобаны Нормандия Үкіметінің қолдауымен Халықаралық мектеп спорт федерациясы мен Францияның мектеп спорт одағы ұйымдастырды.

Гимназиада 60-тан астам мемлекеттен 3,5 мыңнан астам атлет жинады.

Гимназиада бағдарламасында 20 спорт түрінен жарыстар болды және білім-мәдени іс-шаралар өткізілді.

Бұл ойындарға алғаш рет Қазақстан қатысты.

Еліміз спорттың 16 түрі бойынша 200-ден астам спортшыны ұсынды.

Ұлттық құрама командаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржылай қолдау көрсетті.

Гимназиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан 85 медаль, оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола жеңіп алып, үшінші командалық орынға ие болды.

Бокс, еркін, грек-рим және әйелдер күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, регби, спорттық және көркем гимнастика, садақ ату, таеквондо және семсерлесу командалары ерекшеленді.

Барлық қазақстандық спортшылар жеңіске деген ерік-жігер танытып, спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Сонымен қатар, Гимназиада аясында ISF Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Оның барысында басқарушы және бақылаушы органдар сайланды. Қазақстан Мектеп спорт федерациясының басшысы Нұржан Нұрахметов 2026 жылға дейін ISF Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Оның кандидатурасын 38 мемлекеттің өкілдері қолдады.

Келесі жазғы гимназиада 2024 жылы Бахрейн Корольдігінде өтеді.