25.05.2023
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАРҒА ҚАТЫСУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

17 мамырда Халықаралық мектеп спорт федерациясы дене шынықтыру комитетінің төрағасы Бен Холденнің жетекшілігімен халықаралық вебинар өтті.

Бұл жоба балалардың дене тәрбиесі мәселелеріне арналды.

Вебинар 70 елден 600-ден астам тыңдаушыны жинады. Қазақстаннан 30 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қатысты.

Вебинар барысында қатысушылар жекелеген елдердің дене шынықтыру жүйесімен және осы пәнді оқыту әдістемесімен танысты.

Бүгін Қазақстан мектеп спорт федерациясының хатшылығы онлайн форматта халықаралық вебинарға қатысушыларға сертификаттар табысты.

Мұндай жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.