ISF пен Дүниежүзілік ұшатын диск федерациясы (WFDF) әлем мектептерінде ұшатын диск спортының даму аясын кеңейту мақсатында Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойды.
Лозанна қаласында (Швейцария) тараптар мектеп спорты жүйесінде алтимат-фрисби мен диск-гольф секілді спорт түрлерін ілгерілетуге және жас спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ортақ мүдделі екендерін растады.
Аталған келісім осы спорт түрлерін білім беру ортасына енгізу бағытындағы бірлескен жұмысты көздейді.
Негізгі мақсат - спортты оқушылардың дене, зияткерлік, адамгершілік және әлеуметтік дамуының тиімді құралы ретінде пайдалану. Сонымен қатар, серіктестік қауіпсіз әрі гендерлік тең спорт мүмкіндіктеріне қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ спорт арқылы құндылықтарды насихаттап, тәрбиелік әлеуетті арттыруға бағытталған.
Осылайша, ISF пен WFDF арасындағы ынтымақтастық аталған спорт түрлерін әлем мектептері арасында кеңінен дәріптеуге және оң спорттық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
