Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF) маңызды оқиғаны атап өтуде.
Жарты ғасырлық тарихта алғаш рет ISF өзінің штаб-пәтерінің орналасқан жерін өзгертті.
Бұдан былай ISF тұрақты орналасқан жері Халықаралық Олимпиада комитетінің астанасы Лозанна (Швейцария) болды.
ISF Президенті Лоран Петринка атап өткендей, мұндай қадам ISF-тің халықаралық спорт ұйымдарымен тұрақты және сындарлы өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, мектеп спорт жүйесін тиімді дамыту үшін күш-жігерді біріктіруге бағытталған.
ISF басшысын осы тарихи шешіммен құттықтай отырып, Қазақстан Мектеп спорт федерациясының төрағасы Нұржан Нұрахметов ISF атқарушы органдарының кезекті жетістіктерге жетуіне сенім білдірді.