«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Мектеп спорт федерациясы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – халықаралық мектеп туристік делегацияларын қабылдауға қолайлы жағдай жасау, Қазақстанды жастар туризмі үшін қауіпсіз әрі тартымды бағыт ретінде ілгерілету, сондай-ақ бірлескен білім беру және мәдени бастамаларды жүзеге асыру болып табылады.
Тараптар арнайы бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру, іс-шараларды ұйымдастыру, шетелдік делегацияларды қабылдау мен сүйемелдеуді үйлестіру, халықаралық туристік форумдарға қатысу, сондай-ақ мектеп туризмі саласындағы талдамалық материалдар және озық тәжірибе алмасу мәселелерінде өзара әрекеттесуге уағдаласты.
Меморандумға қол қою Қазақстанның халықаралық туристік имиджін нығайту мен балалар-жасөспірімдер туризмі саласында ынтымақтастықтың жаңа форматтарын қалыптастырудағы маңызды қадам болды.
