19.07.2023
ҮКІМЕТ ШАХМАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

14 шілдеде Үкімет шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Жоспарланған шаралар мыналарды қамтамасыз етеді:

бастауыш сыныптағы балаларды шахмат үйретумен 20 % үлеспен қамту;

көппәтерлі тұрғын үйлердің жанынан кемінде 200 шахмат клубын ашу;

шахмат бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (шахмат бойынша ұлттық құрама командалар) әлемнің ТОП-10 қатарына кіруі;

20 жасқа толмаған қазақстандық шахматшылардың "халықаралық гроссмейстер" спорттық атағын алуы;

Әлем, Азия чемпионаттарында, Шахмат олимпиадасында және Халықаралық шахмат федерациясының басқа да ресми чемпионаттарында қазақстандық шахматшылар жеңіп алған медальдар санын ұлғайту;

шахмат бойынша кемінде 500 педагог даярлау;

250 адамнан кем болмайтын кадрлардың біліктілігін арттыру.

Білім беру жүйесінде шахматты дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Қойылған тапсырманы жүзеге асыру үшін мыналар жоспарланған:

оқу жоспарының вариативтік компоненті сағаттарының есебінен жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарына шахматты енгізу;

жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы шахмат секцияларының желісін кеңейту;

шахмат бойынша жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу.