10.01.2024
ЛОЗАННАДА ISF-ТЫҢ АТҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Лозаннада (Швейцария), Олимпиада үйінде, Халықаралық мектеп спорт федерациясының (ISF) Атқарушы комитетінің отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан мектеп спорт федерациясының басшысы Нуржан Нурахметов қатысты.

Шараның құрметті қонағы Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах болды.

Отырыс қатысушыларын қарсы алған Томас Бах, ISF-ті Олимпиада астанасына көшуімен құттықтады. Білім беру ұйымдарында спортты дамытудың маңыздылығын айта отырып, ол ISF халықаралық спорт федерацияларымен өнімді өзара әрекеттесетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында ұйымдастырушылық, қаржылық және басқа да мәселелер, соның ішінде алдағы жаһандық жобалар талқыланды.