Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жас ерекшелігі бойынша ұлттық құрамасы 2025 жылғы 4-13 желтоқсан аралығында Қытайдың Шанлуо қаласында өткен мектеп оқушылары арасындағы Әлем чемпионатында сынға түсті.
Жарысқа әлемнің 17 елінен жас жігіттер мен қыздар құрамаларының шамамен 30 командасы қатысты.
Апта бойы қазақ волейболшылары топтық кезеңде бірқатар ойын өткізіп, күш-жігерін, командалық рухын және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жарысқа қатысу жас таланттарымызға халықаралық тәжірибе жинауға, Азия, Еуропа, Африка және Америкадан келген қарсыластарымен ойнауға мүмкіндік берді.
Чемпионат қорытындысы бойынша жігіттер арасынан Иран құрамасы жеңімпаз атанса, қыздар арасында Қытай командасы үздік деп танылды. Чемпионат жүлдегерлерінің қатарында Тайвань, Үндістан, Таиланд және Бразилия құрамалары бар.
Қазақстан құрамасы жүлделі төрттікке енбесе де, командалық есепте 8-орынға ие болып, елімізді халықаралық аренада абыроймен танытты. Көптеген ойыншылар үшін бұл чемпионат спорттық дамуда маңызды кезең болып, әлемдік деңгейде алғашқы үлкен сынақ болды.
