10.07.2025
МАРОККО КОРОЛЬДІГІНДЕ ГОЛЬФТАН ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ ӨТЕДІ

2025 жылғы 14–21 шілде аралығында Халықаралық мектеп спорт федерациясы (ISF) мектеп оқушылары арасында гольф спортынан алғашқы Әлем чемпионатын өткізеді. Бұл – мектеп спортын дамыту мен ISF бағдарламасын кеңейту жолындағы маңызды әрі тарихи кезең.

ISF бағдарламасына гольфтың ену себептері қандай?

Бүгінде гольф – мектеп жасындағы балалар арасында кең таралған және сұранысқа ие спорт түріне айналды. Бұл спорт баланың жеке қабілеттерін, логикалық ойлауын және дене дайындығын дамытуға ықпал етеді.

Гольфтің Олимпиада ойындарына қайта қосылуы оның халықаралық аренадағы беделін арттырып, жаһандық маңызын айқындай түсті. ISF өз бағдарламасында әрдайым әлемдік спорт үрдістерін назарда ұстайды.

Гольф – зейін, сабырлылық, өзара сыйластық пен әділ ойын қағидаттарын дәріптейтін спорт. Бұл құндылықтар ISF ұстанатын тәрбие және білім беру миссиясымен толық үндеседі.

Гольф – қыздар мен ұлдарға тең дәрежеде қолжетімді, жеке және командалық форматта өткізілетін, жанасусыз және қауіпсіз спорт түрі. Осы ерекшеліктері оны инклюзивті етуге мүмкіндік береді.

Аталған чемпионат - мектеп спортының жаңа деңгейге көтерілуінің белгісі әрі жас гольфшылар үшін өз шеберлігін халықаралық деңгейде паш етуге үлкен мүмкіндік.

Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз және чемпионат қатысушыларына қолдау білдіріңіз!