31.07.2023
МАРОККОДА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

28 шілдеде Марокко астанасында Рабатта оқұшылар арасындағы футболдан Әлем чемпионаты аяқталды.

Жарысқа 40-тан астам футбол командасы қатысты.

Мундиальдын нәтижелері осындай:

Ұлдардан:

1 орын - Франция құрамасы;

2 орын - Марокко құрамасы (2);

3 орын - Хорватия құрамасы.

Қыздардан:

1 орын – Қытай құрамасы (1);

2 орын - Қытай құрамасы (2);

3 орын - Уғанда құрамасы.

Осы жоба аясында Халықаралық мектеп спорт федерациясының білімдік және мәдени іс-шаралары өтті.

Футболдан келесі әлем біріншілігі алдағы жылы Қытайда өтеді.